Конституциялық Сот мұрагерлік кезінде жер пайдалану құқығының пайда болу тәртібінің Конституцияға сәйкестігін тексереді
Конституциялық Сот алдын ала қарау қорытындысы бойынша Жер кодексінің 40-бабы 1-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы азаматтың өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.
➤ Дауланып отырған нормаға сәйкес жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен ауысуы заң бойынша мұраға ие болу кезiнде немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда құқық мирасқорында жер пайдалану құқығының туындауын бiлдiредi.
Баяндамашы-судья: Ескендіров А.Қ.
Конституцияға сәйкестігін тексерудің барысы мен қорытындылары туралы ақпарат Конституциялық Соттың ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/article/details/168786?lang=kk және Telegram-арнасында https://t.me/ConstitutionalCourt_KZ жарияланады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -