Конституциялық Сот «Нотариат туралы заң» нормасының Конституцияға сәйкестігін тексеруге негіз тапқан жоқ
Конституциялық Сот азаматтың 1997 жылғы 14 шілдедегі «Нотариат туралы» Заңның 99-бабы 4-тармағының Конституцияға сәйкестігіне тексеру туралы өтінішін қарады.
Өтініш жасауға нотариустың мүдделі адамдарды хабардар етпей дәлелдемелерді қамтамасыз ету жөніндегі әрекеті себеп болды. Дауланып отырған нормаға сәйкес мұндай әрекетке нотариустың сұрау салу не жазбаша және заттай дәлелдемелерді қарап-тексеру хаттамасын жасау жолымен қамтамасыз ету кейiнге қалдыруға немесе iске кейiннен кiмнiң қатысатынын анықтауға болмайтын жағдайларда жол беріледі.
Бұл ретте, нотариус сұрау салу не жазбаша және заттай дәлелдемелерді қарап-тексеру хаттамасында мүдделі адамдарға хабарламай нотариаттық іс-әрекет жасау қажеттігін куәландыратын себепті көрсетуге міндетті (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 7447 бұйрығымен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесінің 210-тармағы).
Конституциялық Сот өтінішті алдын ала қарау және заңнама нормаларын талдау нәтижелері бойынша Нотариат туралы заңның 99-бабының 4-тармағы белгісіздік тудырмайды және өтініш берушінің конституциялық құқықтарын бұзбайды деген қорытындыға келді.
Дауланып отырған норма айрықша сипатқа ие және дәлелдемелерді олардың жоғалу қаупіне байланысты нотариус белгілеуі мүмкін нақты жағдайларды ғана көздейді. Бұл ретте нотариус куәландырған дәлелдемелер сотта даулануы мүмкін болып табылады. Судья ұсынылған дәлелдемелерді олардың жиынтығында істе бар дәлелдемелерді бейтарап, жан-жақты және толық қарауға негізделген өзінің ішкі сенімі негізінде дербес бағалайды. Бұл ретте мүдделі азамат сотта қорғау құқығынан айырылмайды, себебі ешбір дәлелдің сот үшін алдын ала белгіленген күші жоқ (АПК-нің 1 және 2-тармағы).
Осыларды ескере отырып және «Конституциялық Сот туралы» Конституциялық заңның 48-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Конституциялық Сот 1997 жылғы 14 шілдедегі «Нотариат туралы» Заңның 99-бабы 4-тармағының Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтінішті конституциялық іс жүргізуге қабылдаудан бас тартты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -