Конституциялық Сот: прокуратураның мемлекет мүддесін қорғауы адам құқықтарын қорғау жөніндегі конституциялық кепілдікті іске асыруға бағытталған
Конституциялық Сот Бас прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асыру кезінде сотта мемлекет мүдделерін білдіру жөніндегі прокуратураның құзыреті туралы конституциялық норманы түсіндіру бөлігінде бұрын Конституциялық Кеңес шығарған нормативтік қаулының ( (1997 жылғы 6 наурыздағы № 3, 6-тармақ) ережесін түсіндіру туралы өтінішін қарады.
“Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы" Конституциялық заңына сәйкес Конституциялық Сот Конституциялық Кеңестің құқықтық мирасқоры болып айқындалды.
Бас прокурордың конституциялық бақылау органының бұрын шығарылған шешімін қосымша түсіндіру туралы өтініші прокурордың тергеу судьясының жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау, тексеру, тінту, алу, жеке тінту, мүлікке тыйым салу, мәжбүрлеп куәландыру және т. б. туралы сотқа дейінгі тергеу материалдарын қарау сатысына қатысу мүмкіндігі туралы мәселеге байланысты.
Конституциялық Сот прокуратураның басқа мемлекеттік органнан айырмашылығы, оның сотта тарап ретінде әрекет ете отырып, өз шешімінің негізділігін қорғайтынын немесе мемлекет атынан оған заңмен белгіленген өзге де әрекеттерді орындайтынын, яғни өз құзыреті шегінде мемлекеттің мүдделерін білдіретінін атап өтті. Ал сот ісін жүргізудегі прокуратура қызметінің конституциялық белгіленген бағыттарының ерекшелігі оның мемлекеттің мүдделерін кешенді түрде, оның ішінде мемлекеттік органдардың жекелеген лауазымды адамдарының қызметі нәтижесінде адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзу мүмкін болған жағдайларда білдіруге арналғандығында екендігі аталып өтті.
Конституциялық Сот Конституциялық Кеңестің қазіргі қолданыстағы шешімінің 6-тармағын түсіндірумен қатар Үкіметке, Жоғарғы сотқа, Бас прокуратураға және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында тергеу сотының қызметін құқықтық реттеуді жетілдіру және прокуратураның конституциялық функцияларын сотқа дейінгі тергеу сатысында неғұрлым толық іске асыруға қол жеткізу жөніндегі мәселелерді қосымша қарауды ұсынды.
Нормативтік қаулының толық мәтінімен сілтемеге өтіп танысуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/667718?lang=kk
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -