Конституциялық Сот сақтандыру сыйлықақылары туралы норманың Конституцияға сәйкестігін тексереді
Конституциялық Сот алдын ала қарау қорытындысы бойынша Азаматтық кодекстің 818-бабы 1-тармағының (ерекше бөлігі) Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы азаматтың өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.
Азамат сотқа өзінің қайтыс болған әйелі зейнетақы аннуитеті шарты бойынша салған зейнетақы жинақтарын сақтандыру компаниясынан біржолғы төлеу туралы талап арызбен жүгінді. Сот Азаматтық кодекстің осы нормасына сілтеме жасай отырып, қайтыс болған әйелдің мұрагеріне талабын қараудан бас тартты. Осы нормаға сәйкес сақтандырушы сақтанушыдан алған сақтандыру сыйлықақылары оған меншік құқығымен тиесілі болады.
Баяндамашы-судья: Қыдырбаева А.Қ.
Конституцияға сәйкестігін тексерудің барысы мен қорытындылары туралы ақпарат Конституциялық Соттың ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/article/details/168786?lang=kk және Telegram-арнасында https://t.me/consot_kz жарияланады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -