Конституциялық Сот сотталған адам апелляциялық сатының отырысына қатысу туралы норманы тексеру үшін жол берілген шарттарды анықтаған жоқ
Азамат Қылмыстық-процестік кодекстің (ҚПК) 428-бабы 2 және 3-бөліктерінің Конституцияға сәйкестігін тексеру үшін Конституциялық Сотқа жүгінді.
Бұл нормалар сотталған адам апелляциялық сатыдағы сотқа міндетті түрде қатысуын көздейді, егер:
➤ прокурордың шағымы немесе өтінішхаты оның құқықтық жағдайының нашарлауына бағытталған болса;
➤ бірінші сатыдағы сотта қаралмаған жаңа дәлелдемелерді зерттеген кезде.
Мына жағдайларда сотқа міндетті түрде қатысу көзделмейді, егер сотталған адам:
➤ қылмыстық құқық бұзушылық немесе онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасаған кезде істі өзі жоқта қарау туралы өтінішхат бергенде;
➤ Қазақстан Республикасынан тыс жерде болса және сотқа келуден жалтарса;
➤ сот отырысына келуден және қатысудан бас тартса.
Қалған барлық жағдайларда бұл мәселені сот өз қалауы бойынша шешеді.
Өтініш берушінің пікірінше, апелляциялық саты, егер шағым сотталған адамның жағдайын нашарлатпаса, қамаудағы сотталған адамды апелляциялық сатыдағы соттың отырысына қатысуға жіберу туралы мәселені өз қалауы бойынша шеше алады.
Өтініш авторының айтуынша, тиісті норма оның сотта қорғалуда конституциялық құқығын бұзады.
Конституциялық Сот сотталған адамның апелляциялық сатыдағы соттың сот отырысына қатысуы, егер тиісті өтініш (шағым немесе өтінішхат) оның жағдайын нашарлатуға бағытталған болса не соттың бірінші сатыдағы сотта қараудың нысанасы болып табылмаған жаңа дәлелдемелерді зерттеу туралы мәселе қойылса, қажет болып табылатынын көрсетті.
Сотталған адамға үкiмге шағымдану құқығы және оның өтiнiшi бойынша берiлген шағымды немесе прокурордың өтiнiшiн немесе оларға қарсылықтарды қолдап сөйлеуге сөз берiледi.
Өтініш беруші даулап отырған ҚПК-нің нормасы сотқа оның жағдайын нашарлатуға бағытталған шағымды немесе прокурордың өтінішхатын қарау кезінде одан тиісті өтінішхат келіп түскен кезде қамауда ұсталатын сотталған адамның қатысуымен істі қарау туралы қаулы шығаруға нұсқау береді. ҚПК-нің бұл ережелері оң сипатқа ие, өйткені олар адам мен азаматтың конституциялық құқықтарына нұқсан келтіруге жол бермеуге бағытталған.
Өзге жағдайларда қамауда отырған сотталған адамның сот отырысына қатысуы туралы мәселе ҚПК-нің 428-бабының үшінші және бесінші бөліктерінде тікелей айқындалған мән-жайларға байланысты шешіледі.
Конституциялық Сот зерделеу қорытындысы бойынша сотталған адамның апелляциялық сатыдағы отырысқа қатысуы туралы норманы тексеру үшін жол берілген шарттарды анықтаған жоқ.
Телеграмм КС -
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -