Конституциялық Сот тәртіптік изоляторлар мен жалғыз адамдық камералардағы сотталғандар үшін тыйым салулар туралы нормалардың Конституцияға сәйкестігін тексереді
Конституциялық Сот алдын ала қарау қорытындысы бойынша Қылмыстық-атқару кодексінің 109-бабы екінші бөлігінің, 134-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасының және Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртiптеме қағидаларының 104-тармағының (ІІМ-нің 17.11.2014 жылғы №819 бұйрығы) Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы азаматтың өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.
Даулы нормалар тәртіптік изоляторлар мен жалғыз адамдық камераларға қамалған сотталғандар үшін күндіз кездесуге, телефонмен сөйлесуге, азық-түлік пен қажетті заттарды сатып алуға, темекі шегуге және ұйықтайтын орынды пайдалануға тыйым салуды белгілейді. Сотталған адамның жақын туыстары қайтыс болған, ауыр науқастанған кезде немесе отбасына елеулі залал келтірген дүлей зілзала және басқа да ерекше жеке жағдайлар орын алған кезде телефон арқылы сөйлесуге құқығын белгілейді.
Судья-баяндамашы: Жақыпбаев Қ.Т.
Конституцияға сәйкестігін тексерудің барысы мен қорытындылары туралы ақпарат Конституциялық Соттың ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/article/details/168786?lang=kk және Telegram-арнасында https://t.me/ConstitutionalCourt_KZ
жарияланады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -