Конституциялық Сот Қылмыстық-атқару кодексі нормасының Конституцияға сәйкестігін тексереді
Конституциялық Сот алдын ала қарау қорытындысы бойынша Қылмыстық-атқару кодексінің 2-бабы екінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы азаматтың өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.
➤ Дауланып отырған нормаға сәйкес жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау және өтеу, сотталғандарға түзеу құралдарын қолдану, сондай-ақ босатылатын сотталғандарға көмек көрсету оларды орындау кезінде қолданыста болатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Баяндамашы-судья: Оңғарбаев Е.А.
Конституцияға сәйкестігін тексерудің барысы мен қорытындылары туралы ақпарат Конституциялық Соттың ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/article/details/168786?lang=kk және Telegram-арнасында https://t.me/ConstitutionalCourt_KZ жарияланады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -