Конституциялық Сот: қылмыстық іс бойынша аумақтық тұрғыдағы соттылықты заң деңгейінде айқындау азаматтардың конституциялық құқықтарын шектемейді: Астана қаласы, 10 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Конституциялық Сот: қылмыстық іс бойынша аумақтық тұрғыдағы соттылықты заң деңгейінде айқындау азаматтардың конституциялық құқықтарын шектемейді

Конституциялық Сот азаматтың Қылмыстық-процестік кодекстің 314-бабы екінші бөлігінің және үшінші бөлігі екінші абзацының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініші бойынша қорытынды шешімін шығарды.

ҚПК-нің көрсетілген нормаларына сәйкес, егер қылмыстық құқық бұзушылық бiр соттың қызметі жерiнде басталып, басқа соттың қызметі жерiнде аяқталса, тиісті қылмыстық іс тергеп-тексеру аяқталған жердегi соттың соттылығына жатады. Бұл ретте тергеп-тексеру аяқталған жер деп тиісті процестік құжат (сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есеп, айыптау хаттамасы, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасы, қылмыстық теріс қылық туралы хаттама) жасалған немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін істі сотқа жіберу туралы қаулы шығарылған жер айқындалған.

Өтініш иесінің пікірінше, көрсетілген нормалар сотқа өз қалауы бойынша аумақтық тұрғыдағы соттылықты өзгертуге (дискрецияны қолдануға) мүмкіндік береді, бұл Конституцияның 77-бабы 3-тармағының «өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды» деген 3) тармақшасына сәйкес келмейді.

Тексеру нәтижелері бойынша Конституциялық Сот ҚПК-нің көрсетілген нормалары Конституцияға сәйкес келеді деген тұжырым жасады. Сот өзінің қорытынды шешімінде Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 3) тармақшасын заңда көзделген соттылықтың қалай да өзгеруі ісі сотта қаралып жатқан адамның келісімі болған кезде ғана мүмкін деп түсіну керек. Конституция қылмыстық істердің соттылық түрлерін белгілемейді және бұл мәселені құқықтық реттеу заңнамалық регламенттеу саласына жатады, бұл Қазақстан Республикасы Парламентінің құзыретіне кіреді деп көрсетті.

Конституциялық Сот аумақтық тұрғыдағы соттылықты заң деңгейінде айқындау әркімнің өз құқықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғау, өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуы, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең туралы конституциялық құқықтарды тікелей шектемейді деп атап өтті.

Сонымен қатар Конституциялық Сот Үкіметке өзінің қорытынды шешімінде баяндаған құқықтық ұстанымдарын ескере отырып, қылмыстық-процестік заңнаманы одан әрі жетілдіру мәселесін қарауды ұсынды.

КС нормативтік қаулысының толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады

https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/732481?lang=kk

Телеграмм КС - https://t.me/ConstitutionalCourt_KZ

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар