Конституциялық сот қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулының сот үшін міндеттілігі туралы нормасының конституциялылығын тексереді
Конституциялық Сотқа азаматтан Қылмыстық-процестік кодекстің 127-бабы төртінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтініші келіп түсті.
Сот өтініш берушіні қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныған. Басқа адамдарға қатысты қылмыстық қудалау сотқа дейінгі тергеу сатысында тоқтатылған және нәтижесінде сот қарауының нысаны болмаған. Негіздеме – сот үшін қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулының міндеттілігін көздейтін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 127-бабының төртінші бөлігі.
Өтініш авторының адвокаты бұл ереже сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын толық көлемде тәуелсіз соттық бағалау мүмкіндігін жоққа шығарады және қорғау құқығының конституциялық кепілдігіне қайшы келеді деп санайды.
Өтініш берушінің пікірінше, заң шығарушының сот үшін қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулыны міндетті деп белгілеуі сотталушы сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында жол берілген бұзушылықтар туралы мәлімдеген жағдайда соттың осы құжатқа тәуелсіз баға беру мүмкіндігінің жоқтығын білдіреді.
Конституциялық Сот отырыс барысында өтініш берушінің адвокаты, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің, Республикалық адвокаттар алқасының өкілдері және ғылыми қоғамдастықтың сарапшысы өз ұстанымдарын білдірді.
Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/activities/directions?lang=kk заңның 65-бабына сәйкес соттың ресми сайтында және «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланатын болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -