Конституциялық Сот: жансақтау бөлімдерінде бейнекамераларға тыйым салудың Конституцияға сәйкестігін тексеру үшін жол берілген шарттары анықталған жоқ
Конституциялық Сотқа азамат пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымдарда қолданылатын техникалық бақылауқұралдарын, байқау және тіркеу аспаптарын, фото-, бейнеаппаратураларды қолдану қағидаларының 12-тармағын Конституцияға сәйкестігін тексеру үшін жүгінді (ДСМ 30.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-335/2020 бұйрығы).
Бұл құқық нормасы жеке гигиена үй-жайларында, ем-шара және манипуляциялық кабинеттерде, операциялық блоктарда бейнекамераларды пайдалануға тыйым салады.
Өтініш берушінің пікірінше, оған жасалған отадан кейін емдеу мекемесінің жансақтау бөлімінде болуының нәтижесінде медицина қызметкерлерінің оны өмірінен қиюға және трансплантациялау үшін ағзаларын заңсыз алу мақсатындағы әрекеттері орын алған. Бұл іс прокуратура мен соттың қарауына алынып, ешқандай заң бұзушылық анықталмаған. Сондай-ақ көрсетілген нормаға сілтеме жасай отырып, жансақтау бөлімінде бейнекамера орнатудан бас тартылды.
Конституциялық Сот зерттеу қорытындысы бойынша сот қорғауы бойынша қолда бар құқықтық құралдарды атап өтті және көрсетілген норманың Конституцияға сәйкестігін тексеру үшін жол берілген шарттардың жоқтығы туралы қорытындыға келді.
Телеграмм КС -
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -