Конституциялық Сот жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу туралы норманың конституциялылығын тексереді
Алдын ала қарау қорытындысы бойынша Конституциялық Сот Әлеуметтік кодекстің 208-бабы 1-тармағының 8) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін қарауға қатысты азаматтың өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.Дауланып отырған нормаға сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу кезінде жұмыс істемейтін ананың жас балаларына күтім жасау уақыты есептеледі, бірақ әрбір бала 3 жасқа толғанға дейін жалпы алғанда 12 жас шегінде есептеледі.Баяндамашы судья: Жатқанбаева А.Е.Норманың Конституцияға сәйкестігін тексерудің барысы мен қорытындылары туралы ақпарат Конституциялық Соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланатын болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -