Конституциялық Сот жеке кәсіпкерлердің табысынан алимент есептеудегі құқықтық белгісіздікті анықтады
Конституциялық Сот азаматтың Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алимент ұсталатын жалақының және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесінің 1-тармағы 11) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішін қарады (Әділет министрінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 372 бұйрығымен бекітілген).
Автор даулы норма кәсіпкерлік қызметті дамытуға байланысты шығыстарды есепке алмай, кәсіпкердің барлық табысынан алимент мөлшерін анықтайды және осылайша оның кәсіпкерлік қызмет бостандығына және кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін өз мүлкін еркін пайдалануға конституциялық құқықтарын бұзады деп санайды.
Конституциялық Сот ата-ананың алатын табысының бір бөлігін баланы асырау құралы ретінде беру оның табиғи міндеті екенін және оның құқықтарын шектеу ретінде қарастырылмайтынын атап өтті.
Конституциялық Сот алимент мөлшерін анықтау кезінде адамның нақты кірісі ескерілуі керек екенін атап көрсетеді. Салық декларациясын алимент міндеттемелерін есептеу базасы ретінде белгілеу баланың материалдық әл-ауқатына қауіп төндіреді, себебі ол өткен салық кезеңі үшін толтырылады және оның деректерін сот орындаушысы өткен кезеңдегі алименттерді есептеу кезінде ғана пайдалана алады және сол арқылы алимент төлеушінің ағымдағы қаржылық жағдайын көрсетпейді.
Конституциялық Сот сондай-ақ алименттерді заң деңгейінде есептеу көзі ретінде жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ата-ананың табысын айқындау тетігін бекіту қажеттігін атап өтті.
Тізімнің даулы нормасы, оның мақсаты мен мазмұны бойынша тізбенің өзі сияқты, Конституцияның 26 және 39-баптарына қайшы келмейтіні негізделген.
Осыны ескере отырып, Конституциялық Сот Үкіметке нормативтік қаулыда баяндалған құқықтық ұстанымдарға сәйкес жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамдардан кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алименттерді есептеу және өндіріп алу туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру туралы мәселені қарауды ұсынды.
Нормативтік қаулының толық мәтінімен сілтемеге өтіп танысуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/684256?lang=kk
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -