Конституциялық Сотта Ата заң күніне орай салтанатты жиын өтті
Конституциялық Сотта Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты шараға БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қорының өкілі Рашед Мұстафа Сарвар, Бас прокуратураның, республикалық және қалалық заң консультанттары алқаларының өкілдері қатысты. Салтанатты шара қарсаңында Конституциялық Сот университеттерде, кітапханаларда және білім беру ұйымдарында мемлекеттілік пен қоғамдық бірліктің атрибуты, қоғам мен мемлекет дамуының тұрақтылығы ретінде Қазақстанның Ата заңына арналған бірқатар шаралар өткізді.
2023 жылғы қаңтардан 2024 жылғы тамызға дейін Конституциялық Сотқа жеті жарым мыңнан астам азамат жүгінді, Аппарат қызметкерлері мен заң консультанттары мыңнан астам азаматқа заңгерлік кеңес берді. Өтініштерді зерделеу нәтижелері бойынша 252 қаулы қабылданды, оның ішінде заңдар мен заңға тәуелді актілердің Конституцияға сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша, сондай-ақ Конституция ережелерін түсіндіру туралы 49 қорытынды шешім қабылданды.
Конституциялық Соттың заңдардың 8 нормасын және Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысын конституциялық емес деп тану туралы қорытынды шешімдерін іске асыру үшін прокуратура органдары 15 мыңнан астам қылмыстық және 4,5 мың азаматтық істерді тексерді, азаматтардың 3 мыңнан астам шағымдарын, сондай-ақ сотқа дейінгі іс жүргізуде бұлтартпау шараларын қолдану туралы 3,5 мың материалды қарады. 13 прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін енгізу арқылы 26 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді.
Салтанатты шара аясында прокуратура органдарының қызметкерлерін, заң кеңесшілерін және ғылыми қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.
Телеграмм КС -
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -