Конституциялық Соттың белгілі бір санаттағы адамдар үшін мемлекеттік қызметке кіруге тыйым салатын норманың Конституцияға сәйкестігін тексеру жөніндегі отырысы өтті
Конституциялық Сотқа азаматтың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 16-бабы 3-тармағының 11) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініші келіп түсті.
Дауланып отырған норма бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталған немесе қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамдарға мемлекеттік қызметке кіруге тыйым салуды белгілейді.
Өтініш берушінің пікірі:Аталған норма оның мемлекеттік қызметке кіруге конституциялық құқығына нұқсан келтіреді деп санайды.
Өтінішті қарау жөніндегі отырысқа қатысқандар:Өтініш авторы және оның қорғаушысы, Парламент Палаталарының, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының және парламентаризм, заңнама және құқықтық ақпарат институттарының өкілдері.
Баяндамашы-судья: Ескендіров А.Қ.
Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық заңның 65-бабына сәйкес КС ресми сайтында, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланатын болады.
КС-тің телеграм арнасы: https://t.me/ConstitutionalCourt_KZ
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -