Конституциялық Соттың ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу үшін талап-арыздың ескіру мерзімін белгілейтін норманың Конституцияға сәйкестігін қарау жөніндегі отырысы өтті
Конституциялық Сотқа азаматтың «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің 37-бабы 6-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініші келіп түсті.
Дауланып отырған норма некесi бұзылған ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу туралы ерлi-зайыптылардың талаптарына неке бұзылған кезден бастап талап-арыз ескіруінің үш жылдық мерзiмi қолданылатынын белгілейді. Бұл неке бұзылған күннен бастап үш жыл өткеннен кейін ерлі-зайыптылар осы мерзім ішінде тиісті шара қолданбаса, сот тәртібімен мүлікті бөлуді талап ету құқығынан айырылады деген сөз.
Өтініш берушінің пікірі:
Өтініштің авторы даулап отырған норма оған ортақ мүліктегі өз үлесін бөлуге және ескіру мерзімінің өтуіне байланысты оған иелік ету құқығы мүмкіндік бермейді деп санайды.
Өтінішті қарау жөніндегі отырысқа қатысқандар:
Өтініш авторының, Парламент Палаталарының, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің, парламентаризм, заңнама және құқықтық ақпарат институттарының өкілдері, сондай-ақ сарапшы.
Баяндамашы-судья: Жатқанбаева А.Е.
Конституциялық Соттың қорытынды шешімі Конституциялық заңның 65-бабына сәйкес КС ресми сайтында сілтеме бойынша (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/activities/directions?lang=kkhttps://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/activities/directions?lang=kk), «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланатын болады.
Телеграмм КС -
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -