Конституциялық Соттың судьялары халықаралық конференцияға қатысты
Конституциялық Соттың судьялары Сергей Ударцев пен Айгүл Қыдырбаева «Тәуелсіз және әділ сот – жаңа Қазақстанды бекіту шарты» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференцияны профессор Жолымбет Баишевтің бастамасымен және қолдауымен «Тұран» университеті ұйымдастырған. Профессор Баишев бұған дейін Конституциялық Соттың және Жоғарғы Соттың судьясы, Еуразиялық экономикалық одақ соты төрағасының орынбасары және Төрағасы болып жұмыс істеген.
Конференцияға Парламент депутаттары, Еуразиялық экономикалық одақ соты, Жоғарғы Соттың басшылары, судьялары мен қызметкерлері, сондай-ақ әртүрлі жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының заңгер-ғалымдары қатысты.
Конституциялық Соттың судьясы Сергей Ударцев «Қазақстанның Конституциялық Соты туралы алғашқы монография» тақырыбында онлайн баяндама жасады.
Ол өз сөзінде қазақстандық конституциялық бақылау органының даму тарихы туралы айтып берді, конституциялық бақылау жүйесінің даму эволюциясы, оның Қазақстан мен шет елдердің мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлі туралы алғашқы зерттеу болған Жолымбет Баишевтің монографиясын атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -