Конституциялық Соттың судьясы Еуропалық-Азиялық құқықтық конгресінде сөз сөйледі
Конституциялық Соттың судьясы Сергей Ударцев «Құқықтық ынтымақтастық және әлеуметтік прогресс. С.С. Алексеевтің 100 жылдығына» арналған Еуропалық-Азиялық құқықтық конгресінің XVII сессиясында онлайн сөз сөйледі.
Бұл конгресс Еуразия заңгерлері мен практиктерінің идеялары мен тәжірибелерімен алмасу алаңы ретінде 2007 жылдан бастап В.Ф. Яковлев атындағы Орал мемлекеттік заң университеті мен Екатеринбургтегі Ресей заңгерлер қауымдастығымен бірлесіп жыл сайын өткізіліп келеді. Конгреске ЕАЭҚ, ШЫҰ-на мүше мемлекеттердің заңгерлері, ғалымдары мен практиктері, сондай-ақ саясаткерлер, Еуразия елдерінің мемлекеттік билік органдарының және бизнес өкілдері қатысады. Биылғы жылы бірқатар секциялар мен отырыстар көрнекті құқық теоретигі, КСРО Конституциялық қадағалау комитетінің төрағасы Сергей Сергеевич Алексеевтің мұрасына арналды.
Сергей Ударцев өз сөзінде қайта құрылған Конституциялық Сот қызметінің жалпы контурын, оның бір жылдан астам уақыттағы жұмысының нәтижелерін атап өтті, сондай-ақ конституциялық бақылау органының жұмыс тәжірибесіне және оның Қазақстандағы эволюциясына қызығушылық танытқан тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -