Конституциялық Соттың Төрағасы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының басшысымен кездесті
Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) қазіргі төрағасы, Мальтаның сыртқы, еуропалық істер және сауда министрі Иан Борчпен кездесті.
Кездесу барысында құқық үстемдігі мен құқық қорғаушы күн тәртібіндегі негізгі мәселелер, адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды имплементациялау, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ны қоса алғанда, халықаралық және өңірлік ұйымдардың ұсынымдарын зерделеу және олармен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Эльвира Азимова 2023 жылдың қаңтарынан бастап Конституциялық Соттың қызметі және елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы айтты. Ол Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында ұсынылған Конституциялық Соттың еліміздегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жолдауын атап өтті.
Жыл сайын конституциялық бақылау органы осы құжатты ұсынады, онда нақты заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелерінің Конституцияға сәйкестігін тексеру нәтижелерін ұсынумен қатар, заң шығарушыға өзінің нормашығармашылық қызметі шеңберінде шаралар қабылдау арқылы конституциялық заңдылықты қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар береді.
Кездесу барысында Азимова ЕҚЫҰ Кеңсесімен бірге 2021 жылғы республикалық референдумның нәтижесінде қабылданған Қазақстанның Ата заңының мәтініне қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін оны көру қабілеті нашар және соқырлығы бар адамдар үшін қазақ және орыс тілдерінде Брайль әліпбиінде басылып шығарылған бірлескен әлеуметтік жоба туралы айтты. Конституцияның Брайль тіліндегі басылымдары арнайы білім беру мекемелері мен кітапхана жүйесінің мекемелеріне берілді.
«Бұл бастама Қазақстанның адам құқықтарын сақтауға және құқықтық ақпаратқа тең қол жеткізуге бейілділігін көрсетеді, қабылданған міндеттемелерді орындауды жалғастыруға және ынтымақтастықты, оның ішінде ЕҚЫҰ шеңберінде әріптестікті ынталандырады», - деп атап өтті КС төрағасы.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -