Конституциялық Соттың Төрағасы Еуропалық парламент депутаттарымен кездесті
Конституциялық Сот Төрағасы Эльвира Азимова Еуропалық парламенттің Орталық Азия және Моңғолиямен (DCAS) ынтымақтастық жөніндегі делегациясымен кездесті. Кездесу Қазақстан Республикасы Парламентінде өткен «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің 21-ші отырысы қарсаңында өтті.
Кездесу барысында делегацияға қазақстандық конституциялық бақылау органының қызметі және оның Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлі туралы ақпарат берілді. Эльвира Азимова делегация мүшелеріне Конституциялық Сот судьяларын сайлау тәртібі, азаматтардан келіп түсетін өтініштердің сипаты, Конституциялық Соттың отырыстарына Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілдерінің қатысуы, сотқа шағымдануға құқығы бар субъектілер туралы айтып берді.
Телеграмм КС -
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -