Конституциялық Соттың Төрағасы Нидерланды Корольдігінің Елшісімен кездесті
ҚР Конституциялық Сотында Төраға Эльвира Азимова мен Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Николас Якоб Схермерспен кездесуі өтті. Кездесу барысында екі ел арасындағы құқық және сот төрелігі саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында Төраға Конституциялық Соттың қызметі және кейбір қабылданған қорытынды шешімдер туралы айтты.
Өз кезегінде Николас Якоб Схермерс мырза Қазақстанның Конституциялық Сот төрелігі саласындағы тәжірибесіне қызығушылық білдіріп, заң тәжірибелерімен алмасу маңыздылығын атап өтті. Тараптар құқық үстемдігі және конституциялық заңдылық мәселелері бойынша одан әрі диалогтың бағыттарын талқылады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -