Конституциялық Сотының Ғылыми-консультативтік кеңесі меншік құқығын қорғаудың конституциялық кепілдіктері мәселелерін талқылады
Конституциялық Сотта ғалымдар мен КС судьяларының қатысуымен Конституциялық Сотының жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын, ЕҚЫҰ және Астанадағы Ф.Эберт қоры кеңселерінің басшыларын, Әділет министрлігінің, Бас прокуратураның және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін байқаушы ретінде шақырылып, отырыс ашық форматта өтті.
Отырыста Ғылыми-консультативтік кеңес мүшелері меншік құқығын қорғаудың конституциялық кепілдіктері, сондай-ақ Конституциялық Сот шешімінің орындалуы мәселелерін талқылады. Конституциялық Соттың судьясы, з.ғ.д. С.Ф. Ударцев, Конституцияның 25-бабының 1-тармағын және 26-бабының 3-тармағын ресми түсіндіру туралы Конституциялық Соттың қабылданған шешімі
(https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/648695?lang=kk
), сондай-ақ осы шешімдерде баяндалған және заңнаманы одан әрі жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауға бағытталған құқықтық ұстанымдар туралы айтты.Конституцияның 6 және 26-баптарының Конституциялық ережелері туралы баяндамаларымен ҚР ҰҒА академигі, Каспий қоғамдық университетінің Жеке құқық ғылыми-зерттеу институтының директоры, з.ғ.д., профессор М.К.Сүлейменов, Каспий қоғамдық университетінің Жеке құқық ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, з.ғ.д., профессор К.М.Ильясова, Каспий қоғамдық университетінің Жеке құқық ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама және құқықтық ақпарат Институтының бас ғылыми қызметкері, з.ғ.к., С.Ф.Скрябин сөз сөйледі.
Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Б.М.Нұрмұханов Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін ескере отырып, конституциялық заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі Конституциялық Сот Жолдауының жобасын дайындау барысы туралы хабардар етті. Талқылау барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары У.Шапак пен Б.Базарбек азаматтық және жер заңнамасы мәселелері бойынша жұмыс шеңберінде ғалым-цивилистердің ұсыныстарын қарауға дайын екендіктерін айтты. Отырыс қорытындысы бойынша Ғылыми-консультативтік кеңес мүшелерінің ұсынымдары жақын арада норма шығару қызметі шеңберінде қарау үшін мүдделі мемлекеттік органдарға жіберілетін болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -