Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қалай судья болуға болады» тақырыбында семинар өтті
2024 жылғы 2 мамырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасында заң факультетінің студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы қатысуымен Жоғары Сот Кеңесінің мүшелерімен А.М. Нұрбековпен және Е.Н. Бегалиевпен кездесу өтті.
Кездесу барысында ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі, профессор Ернар Бегалиев ҚР Жоғары Сот Кеңесінің сот органдарының қызметіндегі рөлі туралы айтып, ҚР сот қызметін жетілдіру үшін сот корпусына ғылыми қызметкерлерді тартудың практикалық қажеттілігіне назар аудара отырып, судьялар лауазымына үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптарын егжей-тегжейлі сипаттады.
Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі, ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Айдын Нұрбеков сот қызметі тәжірибесімен бөлісті, судьялық лауазымдарға іріктеу кезеңдері, біліктілік емтиханына қалай дайындалу керектігі, үміткерлердің судьялық лауазымдарға кәсіби бағдарлануының маңызды аспектілері туралы айтып берді.
Сондай-ақ, спикерлер ұсынылған тақырыпқа қызығушылық танытқан тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -