"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды төлеу кезінде доллар бағамы қалай анықталады? Қандай да бір комиссия алынады ма?
18 жасқа толған балалардың нысаналы жинақтары Ұлттық қордан БЖЗҚ-ға АҚШ долларымен аударылады және БЖЗҚ-да АҚШ долларымен сақталады.
Кәмелетке толған бағдарламаға қатысушы өз ақшасын пайдалану туралы шешім қабылдаған кезде, ол уәкілетті операторға (УО) өтініш береді, ал БЖЗҚ оның жинақтарын кейіннен уәкілетті оператор ашқан банк шотына есептеу үшін АҚШ долларымен аударады. Әрі қарай, УО жинақтарды тұрғын үйге және/немесе білім алуға пайдалану үшін аударған кезде, ақша аударым кезінде өзекті болатын бағам бойынша АҚШ долларынан теңгеге айырбасталуы мүмкін.
Егер алушы "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде білім алуға ақы төлеу" мақсатын таңдаса, ақшаны айырбастау талап етілмейді. Қалған мақсаттар бойынша НЖ төлемін алушы аударым жүргізілген кездегі бағам бойынша АҚШ долларынан теңгеге айырбастайды.
Ұлттық қордан нысаналы жинақтар төлеміне жеке табыс салығы (ЖТС) салынбайды. Сонымен қатар, БЖЗҚ өз қызметтері үшін ешқандай комиссия алмайды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -