⚡️ Ұлытау облысында жолдардың негізгі учаскелеріндегі ақаулар жойылды
Мемлекет басшысының жол саласындағы жемқорлық көріністерін жою туралы тапсырмасын орындау мақсатында Ұлытау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қоғам мен жергілікті атқарушы органдар, «ҚазАвтоЖол» ҰК және «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК өкілдерінен құралған мониторингтік топпен бірлесіп 9 учаскедегі автожолдарды салу және реконструкциялау сапасын бақылауды жүзеге асырады.
Ағымдағы жылдың маусым айында «Сәтбаев-Малшыбай-Жошыхан, Домбауыл кесенесі», «Қаражал-Атасу» және А-16 «Жезқазған - Петропавл» (143-163 км) жол учаскелерінде мониторингтік топ жарықтар, шөгінділер, шұңқырлар, қабыршақтану және т. б. сияқты түрлі ақауларды анықтады.
Жол жамылғысының сапасын жақсарту бойынша қабылданған шаралар шеңберінде аталған кемшіліктер жойылды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың шілде айында «Жезқазған-Петропавл» А-16 автожолы учаскесін қорытынды бақылау барысында 151 және 155 километрде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатының тегіс еместігі анықталды.
Анықталған ақаулар жол қауіпсіздігінің нашарлауына, көлік құралдарының тозуының жоғарылауына және жол инфрақұрылымының жалпы жағдайына теріс әсер етуі мүмкін.
Жол учаскесін мердігерлік ұйымы түзететін болады.
Анықталған бұзушылықтарды жою жұмыстары жалғасуда және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ерекше бақылауында.
ТЕЛЕАРНАЛАР ҮШІН ВИДЕО: https://disk.yandex.ru/d/GY5a3C71GRUTiA_____ Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -