Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесу және азаматтарды қабылдау өткізеді
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі Коняшкин Ростислав Анатольевич 28 маусымда сағат 15:00-да «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің Ұлытау облыстық филиалы ғмаратында Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді және сағат 17:00-да министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды (мекен жайы: Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер даңғылы 35).
Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: 8-777 260 16 60 (жұмыс уақыты) телефоны арқылы қабылданады.
Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.
Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне сауал жолдауға шақырамыз.
Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -