Мүгедектігі бар азаматтарға арналған жеті инновациялық IT-жоба гранттық қаржыландыру алды
Алматыда мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін инновациялық IT-шешімдерді дамытуға бағытталған стартап-жобалар конкурсының қорытындысы шығарылды. Алты жеңімпаз команда өз идеяларын іске асыруға 1 млн теңге, тағы бір команда – 500 мың теңге көлемінде гранттар алды. Жақын арада олар өз жобаларының прототиптерін жасауға кіріседі.
Іс-шара ITMlab жобасы аясында ұйымдастырылды, оны ITeachMe қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен жүзеге асырады.
Бұған дейін хабарланғандай, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша стартап-жобаларды іріктеу бойынша хакатондар Алматы және Астана қалаларында өткен болатын.
Финалдық таныстырылым барысында 18 команда өз жобаларын ұсынды, олардың идеялары бір ай ішінде кәсіби оқытушылардың жетекшілігімен пысықталды.
Барлық жобалар технологиялардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге, коммуникацияларды жақсартуға, ұтқырлықты арттыруға және инклюзивті қоғам үшін жағдай жасауға бағытталған, бұл мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын едәуір арттыруға ықпал етеді.
Таныстырылымдар аяқталғаннан кейін қазылар алқасы 1 млн теңге көлемінде прототиптерді іске асыруға арналған гранттар алған 6 команданы таңдады. Қосымша тағы бір команда 500 мың теңге көлемінде көтермелеу наградасын алды.
Shaka - көру қабілеті нашар адамдарға күнделікті өмірде бағдарлануға мүмкіндік беретін вибромоторлармен/сенсорлармен жабдықталған қолғап; Fenix Recovery - арнайы оңалту орталықтарында да, үйде де қолдануға арналған экзоскелет және локомоторлы тренажер; Bulan - мүгедектігі бар адамдар қолданатын арбаларға арналған оңтайландырылған электронды қорап; РиМы - Брайль шрифтында негізделген электронды кітап; ОО «Жан» - қолдану мерзімі ұзақ қолға ұстайтын таяқтар ұштарын өндіру; Техносила - нейрондық алгоритмдері бар қолдың бионикалық протезі; Procrastinators - нақты уақыт режимінде ымдау тілінен мәтінге және керісінше аудармашылық қосымшаҮш айдың ішінде барлық 7 команда өз жобаларының прототипін жасау үшін жұмыс істейді. Ақпан айының басында олар қол жеткізілген нәтижелер мен мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықтимал әсерін көрсете отырып, мүдделі тараптар мен инвесторларға дайын әзірлемелерді ұсынады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -