Мұнайлы ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті
Мұнайлы ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті. Акция Атамекен ауылындағы Кіші Оймашы көлінің маңында және басқа да бірқатар жерде өткізілді.
Көл маңындағы тазалық жұмысына аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімдері мен ауданға қарасты мемлекеттік мекеме қызметкерлері, Атамекен ауылдық округінің әкімдігінің қызметкерлері, AMANAT партиясы Мұнайлы аудандық филиалының мүшелері қатысып, аудан тазалығына бей-жай танытпайтынын білдірді.
Тазалық акциясына 50-ге жуық адам қатысып, 8 тоннадан астам қоқысты шығарды.
⁃ Оймашы көлінің маңы ашық алаң болғандықтан, құрылыс қалдықтарын тастау фактілері жиі орын алады. Біздің негізгі жоспарымыз - иесіз жерге қоқыс тасталуына жол бермеу. Біз тазалап жатқан аумақ 2 гектарды құрайды. Тазалық акциясына қатысқан азаматтардың көмегімен 8 тоннаға жуық қоқыс сыртқа шығарылды. Ауыл тұрғындарын да осындай тазалық шараларына атсалысуға шақырамыз - деді Атамекен ауылының әкімі Ерлан Қайнаров.
Аталған акция аудан бойынша бір уақытта 5 жерде жүргізілді және алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -