«Мұз-2024» республикалық акциясы жалғасуда
«Мұз-2024» акциясы аясында Алматы облысы ТЖД қызметкерлері облыстық полиция департаментінің өкілдерімен бірлесіп Қапшағай су қоймасының акваториясында ауқымды рейдтік іс-шаралар өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзушылықтарды анықтау және жазатайым оқиғалардың алдын алу болды.
Рейд барысында жеке құтқару құралдарынсыз жүзу құралдарында болған азаматтар анықталды, бұл белгіленген қауіпсіздік ережелерін бұзу болып табылады. Құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 412-бабына сәйкес төрт әкімшілік хаттама жасалды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 51 688 теңгені құрады.
Құқық бұзушылардың әрқайсысымен профилактикалық әңгімелер өткізілді, оның барысында су айдындарындағы мінез-құлықтың негізгі ережелері, әсіресе төтенше жағдайлар қаупі күшейген қысқы кезеңде еске салынды. Балықшыларға құтқару кеудешелері мен басқа да қорғаныс құралдарын пайдалану қажеттілігі түсіндіріліп, мұндай шаралар төтенше жағдай туындаған жағдайда құтқару мүмкіндігін едәуір арттыратынын атап өтті.
Бұл рейдтік іс-шаралар Алматы облысының су айдындарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады. Жақын арада өңірдің басқа акваторияларында да осындай тексерулер жүргізілетін болады.
ТЖМ азаматтарға су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -