ҚМА мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері кездесті
Мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау саласындағы заңның бұзылуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою мәселелерін ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов осы салаға жетекшілік ететін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейспековпен және аталған министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларымен талқылады.
Тараптар мемлекеттік қорғаныс тапсырысын іске асыру және әскери мақсаттағы тауарларды жеткізу саласында құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларға белсенді өзара қатысуын атап өтті.
Агенттік пен Министрліктің бірлесіп әзірленген ұсыныстары негізінде қолданыстағы нұсқаулықтарға өзгерістер енгізілгені атап өтілді, соның арқасында 2024 жылы мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау кезінде
15 млрд теңгеден астам үнемдеумүмкіндігі пайда болды.
Кездесу барысында тараптар министрліктің және әскери мақсаттағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін реттейтін қолданыстағы нормативтік актілер мен нұсқаулықтарға өзгерістер енгізу, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды өткізу жөнінде ұсыныстармен алмасты.Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы саласындағы уәкілетті ұйымдар қызметінің заңнамалық және нормативтік бастамаларын іс жүзінде іске асыру кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді қарау және талқылау бойынша бірлескен жұмыс жоспарланған.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -