Маңғыстау облысының әкімі Иран Ислам Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулын қабылдады
Кездесу барысында аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай мен Иранның Ақтаудағы бас консулы Ғоламреза Хашеми Маңғыстау облысы мен Иран Ислам Республикасының облыстары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және кеңейту мәселелерін талқылады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Тараптар екі мемлекеттің өңірлері арасында қанат жайып келе жатқан көлік-логистикалық, сауда-экономикалық әлеуетке ерекше назар аударды. Ғоламреза Хашеми Түркіменстан арқылы өтетін теміржол және автомобиль жолдары, сондай-ақ теңіз жолы арқылы сауда саласындағы серіктестікті нығайту мүмкіндіктері бар екеніне тоқталды. Атап айтқанда, жақында Маңғыстау облысы делегациясының Иран провинцияларына жасаған жұмыс сапарының қорытындылары талқыланды.
Өз кезегінде Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Қазақстан мен Иран арасындағы екіжақты қарым-қатынасты нығайту үдерісінде ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін атап өтті.
Еске салайық, 2024 жылдың 3 айында Маңғыстау облысы мен Иран арасындағы сыртқы сауда айналымы 15,5 миллион АҚШ долларына жеткен. Өңірде Иран капиталының қатысуымен экономиканың әртүрлі салаларында 68 кәсіпорын жұмыс істейді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -