Маңғыстауда биыл ӘМАТ тауарының 8 түрі арзандады: Астана қаласы, 07 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Маңғыстауда биыл ӘМАТ тауарының 8 түрі арзандады

Маңғыстау облысында былтырғы жылмен салыстырғанда биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 8 түрі арзандаған. Бір жыл ішінде қарақұмық жармасы 321 теңгеден 219 теңгеге (32%), сәбіз 256 теңгеден 223 теңгеге (12,9%), пияз 169 теңгеден 151 теңгеге (10,7%), күнбағыс майы 764 теңгеден 687 теңгеге (10%), бірінші сорттағы бидай ұны 335 теңгеден 302 теңгеге (10%), құмшекер 418 теңгеден 393 теңгеге (6%), қырыққабат 193 теңгеден 184 теңгеге (4,7%), күріш 478 теңгеден 472 теңгеге (1,3%) арзандаған.

Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Дастан Мұраталиев облыста 340 сауда нысаны мен жергілікті әкімдік арасында ӘМАТ тауарларына қосатын сауда үстемесін 15%-дан 10%-ға түсіру туралы меморандум жасалғанына тоқталды. Бұл өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жергілікті өнім өндірушілерді қолдауға бағытталған шара.

Маңғыстау облысындағы азық-түлік тауарларына баға белгілеудің барлық тізбегіндегі делдалдық схемаларын тергеп-тексеру комиссиясының жыл басынан бері 53 отырысы өтті. Нәтижесінде 71 кәсіпкерлік субъектіге ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 204-4 бабы ӘМАТ тауарларына 15% жоғары үстеме ақы қосқаны үшін ескерту берілсе, 9 кәсіпкерлік нысанға  166 140 теңге айыппұл толтырылды. Ал витринадағы баға мен кассалық чектегі бағы сәйкес келмегені үшін өңірде 21 бизнеске 1 303 276 теңге айыппұл салынды.

Облысқа қарасты барлық елді-мекендердегі мониторингтік «Халық бақылауы» тобы соңғы бір аптада облыстағы 2 мыңға жуық  «үй жанындағы» азық-түлік дүкендер иелеріне ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес ӘМАТ тауарларына 15%-дан астам үстеме ақыға жол бермеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі: Министерство торговли и интеграции Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Маңғыстау облысында былтырғы жылмен салыстырғанда биыл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 8 түрі арзандаған. Бір жыл ішінде қарақұмық жармасы 321 теңгеден 219 теңгеге (32%), сәбіз 256 теңгеден 223 теңгеге (12,9%), пияз 169 теңгеден 151 теңгеге (10,7%), күнбағыс майы 764 теңгеден 687 теңгеге (10%), бірінші сорттағы бидай ұны 335 теңгеден 302 теңгеге (10%), құмшекер 418 теңгеден 393 теңгеге (6%), қырыққабат 193 теңгеден 184 теңгеге (4,7%), күріш 478 теңгеден 472 теңгеге (1,3%) арзандаған.

Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Дастан Мұраталиев облыста 340 сауда нысаны мен жергілікті әкімдік арасында ӘМАТ тауарларына қосатын сауда үстемесін 15%-дан 10%-ға түсіру туралы меморандум жасалғанына тоқталды. Бұл өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жергілікті өнім өндірушілерді қолдауға бағытталған шара.

Маңғыстау облысындағы азық-түлік тауарларына баға белгілеудің барлық тізбегіндегі делдалдық схемаларын тергеп-тексеру комиссиясының жыл басынан бері 53 отырысы өтті. Нәтижесінде 71 кәсіпкерлік субъектіге ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 204-4 бабы ӘМАТ тауарларына 15% жоғары үстеме ақы қосқаны үшін ескерту берілсе, 9 кәсіпкерлік нысанға  166 140 теңге айыппұл толтырылды. Ал витринадағы баға мен кассалық чектегі бағы сәйкес келмегені үшін өңірде 21 бизнеске 1 303 276 теңге айыппұл салынды.

Облысқа қарасты барлық елді-мекендердегі мониторингтік «Халық бақылауы» тобы соңғы бір аптада облыстағы 2 мыңға жуық  «үй жанындағы» азық-түлік дүкендер иелеріне ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес ӘМАТ тауарларына 15%-дан астам үстеме ақыға жол бермеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Аймақтағы жаңалықтар