Маңызды мәлімет. Білім алу құқығы: Астана қаласы, 21 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Маңызды мәлімет. Білім алу құқығы

Маңызды мәлімет. Білім алу құқығы

Маңызды мәлімет. Білім алу құқығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың әртүрлі салалардағы құқықтарын айқындайды. Біз бұл құқықтарды қарапайым тілмен түсіндіруге тырысамыз.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабында: «Республиканың әрбір азаматының білім алуға құқығы бар» делінген. Бұл - Конституциямызда бекітілген басты құқықтардың бірі. Бұл нені білдіреді?

Мемлекет әркімге барлық деңгейде: мектептен бастап университетке дейін тегін білім алуға кепілдік береді. Бұл кез келген азаматтың мемлекеттік оқу орындарында ақысыз орта, арнаулы орта және жоғары білім алуға мүмкіндігі бар деген сөз.

Орта білім алу тегін ғана емес, сонымен бірге міндетті. Әрбір бала кем дегенде 9 сыныпты бітіруі керек.

Бірақ колледжге немесе университетке түсу конкурстық негізде жүзеге асырылатынын есте ұстаған жөн – білім грантын алу үшін сіз белгілі бір шекті деңгейден өтіп, тестілеуден қажетті балл жинауыңыз керек.

Ақылы білім: Кейбір жағдайларда білім ақылы болуы мүмкін. Мысалы, жеке мектепте немесе университеттің коммерциялық бөлімінде оқығыңыз келсе.

Жекеменшік оқу орындарын қолдау: Мемлекет жекеменшік мектептер мен университеттердің дамуына белсенді түрде қолдау көрсетеді. Мысалы, кейбір оқу орындарында да квота бар.

Ғылым мен мәдениетті дамыту: Мемлекет білім, ғылым және мәдениет салаларында қызмет етіп жүргендерге де қолдау көрсетеді. Атап айтқанда, аталған салалардың өкілдері «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алуы, белгілі бір жеңілдіктер мен гранттар алуы және т.б.

Білім алу құқығы – әрбір қазақстандық үшін білім алудың және өз болашағын құрудың нақты мүмкіндігі.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың әртүрлі салалардағы құқықтарын айқындайды. Біз бұл құқықтарды қарапайым тілмен түсіндіруге тырысамыз.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабында: «Республиканың әрбір азаматының білім алуға құқығы бар» делінген. Бұл - Конституциямызда бекітілген басты құқықтардың бірі. Бұл нені білдіреді?

Мемлекет әркімге барлық деңгейде: мектептен бастап университетке дейін тегін білім алуға кепілдік береді. Бұл кез келген азаматтың мемлекеттік оқу орындарында ақысыз орта, арнаулы орта және жоғары білім алуға мүмкіндігі бар деген сөз.

Орта білім алу тегін ғана емес, сонымен бірге міндетті. Әрбір бала кем дегенде 9 сыныпты бітіруі керек.

Бірақ колледжге немесе университетке түсу конкурстық негізде жүзеге асырылатынын есте ұстаған жөн – білім грантын алу үшін сіз белгілі бір шекті деңгейден өтіп, тестілеуден қажетті балл жинауыңыз керек.

Ақылы білім: Кейбір жағдайларда білім ақылы болуы мүмкін. Мысалы, жеке мектепте немесе университеттің коммерциялық бөлімінде оқығыңыз келсе.

Жекеменшік оқу орындарын қолдау: Мемлекет жекеменшік мектептер мен университеттердің дамуына белсенді түрде қолдау көрсетеді. Мысалы, кейбір оқу орындарында да квота бар.

Ғылым мен мәдениетті дамыту: Мемлекет білім, ғылым және мәдениет салаларында қызмет етіп жүргендерге де қолдау көрсетеді. Атап айтқанда, аталған салалардың өкілдері «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алуы, белгілі бір жеңілдіктер мен гранттар алуы және т.б.

Білім алу құқығы – әрбір қазақстандық үшін білім алудың және өз болашағын құрудың нақты мүмкіндігі.

Аймақтағы жаңалықтар