Мас жүргізушілермен жасалған құқық бұзушылықтардың алдын алу
Астана қаласының прокуратурасы бүгінгі күні жолдарда мас күйінде көлік жүргізу өрескел бұзушылықтардың бірі болып қала беретінін еске салады.
Прокуратураның үйлестіруімен ағымдағы жылы 350-ден астам жүргізуші әкімшілік жауаптылыққа тартылды, оның ішінде 43 әйелдер.
Құқық бұзушылар жазадан жалтару мақсатында қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын басқа да құқыққа қарсы әрекеттер жасайтын жағдайлар бар.
Мысалы, қала тұрғыны мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алынбау мақсатында сотқа жүктілігі туралы анықтаманы беріп, ол жалған болып шыққан.
Сот 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.
Жалған құжатты пайдалану фактісі бойынша оған қатысты ҚК-нің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың нормаларына сәйкес көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйінде басқару 30 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға және көлік құралын басқару құқығынан 9 жылға дейін айыруға әкеп соғады.
Астана қаласының прокуратурасы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -