Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Қарағанды және Қостанай облыстарында топтық жазатайым оқиғаларға тергеу жүргізуде: Астана қаласы, 08 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Қарағанды және Қостанай облыстарында топтық жазатайым оқиғаларға тергеу жүргізуде

ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды және Қостанай облыстары бойынша аумақтық департаменттері өңірлердегі жалпы 6 адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиғаларды тергеу үшін арнайы комиссиялар құрды. Тергеу нәтижесінде орын алған қайғылы оқиғалардың мән-жайлары мен себептері анықталады.

2024 жылғы 5 қазанда сағат 19:30-да «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Саяқ» кенішінің аумағында – «Балқаштүстіметалл» ӨБ-де тау-кен шебері Д.Игембаев (1990 ж.т.), теспе бұрғылаушы О. Зекей (1967 ж.т.) және бұрғылаушының көмекшісі М. Тұрыспаев (2001 ж.т.) белгісіз газбен уланған.

Жазатайым оқиға салдарынан Д. Игембаев пен М. Тұрысбаев қаза тауып, О. Зекей Балқаш қаласындағы қалалық ауруханаға жіберілді.

Жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептерін тергеп тексеру үшін Қарағанды облысы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторының төрағалығымен арнайы комиссия құрылды.

2024 жылғы 6 қазанда Рудный қаласында «Imperial Agro Group» ЖШС жалға алған диірмен кешенінің аумағында № 5 ұн бункерінен төменде көрсетілген азаматтардың мәйіттері табылды: Е. Бошыков (1987 ж.т.), А. Өтегенов (1994 ж. т.), Д. Калауов (1978 ж. т.), С. Шакиртаева (1976 ж. т.).

«Imperial Agro Group» ЖШС басшысының ақпараты бойынша, Е. Бошықов іске қосу-реттеу жұмыстары бойынша технолог ретінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызметтер көрсеткен. ЖШС директоры өзге қайтыс болған азаматтар туралы білмейді, өйткені аталған адамдармен еңбек қатынастары болмаған.

Болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау және аталған азаматтармен еңбек қатынастарының болуын немесе болмауын анықтау үшін Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті комиссия құрды.

Ақпарат көзі: Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды және Қостанай облыстары бойынша аумақтық департаменттері өңірлердегі жалпы 6 адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиғаларды тергеу үшін арнайы комиссиялар құрды. Тергеу нәтижесінде орын алған қайғылы оқиғалардың мән-жайлары мен себептері анықталады.

2024 жылғы 5 қазанда сағат 19:30-да «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Саяқ» кенішінің аумағында – «Балқаштүстіметалл» ӨБ-де тау-кен шебері Д.Игембаев (1990 ж.т.), теспе бұрғылаушы О. Зекей (1967 ж.т.) және бұрғылаушының көмекшісі М. Тұрыспаев (2001 ж.т.) белгісіз газбен уланған.

Жазатайым оқиға салдарынан Д. Игембаев пен М. Тұрысбаев қаза тауып, О. Зекей Балқаш қаласындағы қалалық ауруханаға жіберілді.

Жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептерін тергеп тексеру үшін Қарағанды облысы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторының төрағалығымен арнайы комиссия құрылды.

2024 жылғы 6 қазанда Рудный қаласында «Imperial Agro Group» ЖШС жалға алған диірмен кешенінің аумағында № 5 ұн бункерінен төменде көрсетілген азаматтардың мәйіттері табылды: Е. Бошыков (1987 ж.т.), А. Өтегенов (1994 ж. т.), Д. Калауов (1978 ж. т.), С. Шакиртаева (1976 ж. т.).

«Imperial Agro Group» ЖШС басшысының ақпараты бойынша, Е. Бошықов іске қосу-реттеу жұмыстары бойынша технолог ретінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызметтер көрсеткен. ЖШС директоры өзге қайтыс болған азаматтар туралы білмейді, өйткені аталған адамдармен еңбек қатынастары болмаған.

Болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау және аталған азаматтармен еңбек қатынастарының болуын немесе болмауын анықтау үшін Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті комиссия құрды.

Аймақтағы жаңалықтар