«Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңдағы отандық бизнесті қолдау жолдары
ҚР Қаржы министрлігі «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңның ерекшеліктерін түсіндіруге байланысты жұмысты Қарағанды қаласында жалғастырды. Кездесуге қатысқан өңірдің бизнес қауымдастық өкілдері, мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ ШОБ пен «Атамекен» ҰКП өңірлік филиалының өкілдері сатып алу процесін жеңілдету арқылы отандық тауар өндірушілерді қолдау тетіктері туралы тың мәліметпен танысты.
Аталған заң 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. «Сондықтан да бұл өзгеріске дайын болу үшін оның ерекшеліктерін қазірден бастап білу маңызды», деді ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев пен Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.
«Тұтастай алғанда, заң сатып рәсімдерін жеңілдетіп, мемлекет есебінен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін күшейтуге және бәсекелестікті дамытуға бағытталған. Мысалы, Заңның бірінші бөлімі сатып алу процедураларын жеңілдетуге және оларды қысқартуға бағытталған. Осылайша, сатып алуды жедел жүргізу, тапсырыс берушілерге үлкен өкілеттіктер беру, сондай-ақ сатып алу рәсімдерінің ұзаққа созылуының алдын алу мақсатында шағымдарды енді сатып алуды ұйымдастырушының өзі тікелей қарайтын болады. Сатып алу қорытындыларына шағымдану веб-портал арқылы және конкурстық комиссиямен айқындалған жеңімпаздың сатып алулар бойынша ғана жүзеге асырылады», деді Мәди Төкешұлы.
Өнім беруші туралы ақпарат мемлекеттік органдардың жүйелерінің ақпараттарын кеңінен пайдалану арқылы қалыптастырылатын болады.
Тиісті реформадағы тағы бір жаңашылдық бәсекелестікті дамытуға арналған. Мәселен, мемлекеттік сатып алудың бірыңғай операторы – «Электрондық қаржы орталығы» АҚ базасында Бірыңғай сатып алу платформасы заңнамалық түрде енгізілді. Бұл арқылы мемлекеттік әрі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуларының электронды қызметтерін пайдаланудың бірыңғай нүктесі жолға қойылады. Сонымен қатар тендерлерді өткізу мерзімі 2 айдан 10 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу нәтижелеріне шағымдану тәртібі қайта қаралып, жеңілдетілді.
«Мемлекет басшысының құрылыс нарығын монополиядан арылту жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша жаңа заңды іске асыру аясында экономика салаларындағы монополияны төмендету жөніндегі шаралар көрініс тапты. Атап айтқанда, шартты жеңілдіктерді есептеу кезінде аумақтық белгі (1 пайыздан 2 пайызға дейін көтерілді) мен теріс мәндер (0.1 пайыздан 0.2пайызға дейін көтерілді) түріндегі баға критерийлерін қолдану жалғасын тапты. Аталған шаралар мемлекеттік сатып алу көлемін біркелкі және әділ бөлуге және жекелеген ірі компаниялардың монополиясын болдырмауға септігін тигізеді», деді Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл.
Бұдан бөлек отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Қаржы министрлігі тек шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жекелеген тізбесін бекітті.
Бұл ретте «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң мемлекет есебінен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, әлеуетті өнім берушілердің жауапкершілігін күшейтуге және отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетуге жол ашатынын айта кетейік.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -