МИНИСТР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНДАРЫН АРАЛАП, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ауылдық жерлердегі бірқатар медициналық нысандардың жұмысымен танысты.
Ведомство басшысы Сарымолдаев ауылындағы 7 мың тұрғынға қызмет көрсететін дәрігерлік амбулаторияға барды. Сондай-ақ, құрамында отбасылық дәрігер, үш отбасылық мейіргер, әлеуметтік қызметкер, психолог және акушер бар көпбейінді медициналық-санитариялық алғашқы көмек бригадасының жұмысын тексерді.
Содан кейін министр Мерке аудандық орталық ауруханасының жаңа қабылдау бөлімшесі құрылысының барысымен танысты. Бұл жоба ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда. Қабылдау бөлімшесі пациенттерге КТ, МРТ, ангиография аппараттарында зерттеп-қараудан өтуге мүмкіндік беретін триаж-жүйе қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады. Жаңа жағдайлар ауыл тұрғындары үшін шұғыл медициналық көмек деңгейін жақсартады.
Мерке ауданындағы МСАК үздік практикалар орталығында министрге «АҚМКБТ», «Салауатты ауыл» жобалары, жаңа бағдарламаларды мониторингілеуге және енгізуге жауапты жобалық офис, сондай-ақ жасөспірімдер консультациялар мен психологиялық қолдау ала алатын Жастар денсаулық орталығы таныстырылды.
Облыстың тұрғындарымен және азаматтық белсенділерімен кездесуде министр Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған медициналық көмектің бірыңғай пакетінің жобасын әзірлеу және бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйені құру жөніндегі міндеттерді іске асыру туралы айтып берді.
«Біз медициналық көмектің пациентке бағдарланған моделін құру мақсатында саланы түбегейлі қайта өзгерту және жаңғырту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Арнайы мамандарға қолжетімділік жеңілдетілді, өзін-өзі жазу мүмкіндігі ұйымдастырылды, жоспарланған әдістер енгізілуде. Әрбір адамның тұрғылықты жеріне қарамастан сапалы медициналық көмекке қол жеткізуі маңызды», – деп атап өтті А.Әлназарова.
Министрдің жеке қабылдауында өңір тұрғындары дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, балаларды оңалту мүмкіндігі және арнайы мамандарға жазылу туралы сұрақтар қойды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -