Монополист «ҚазТрансОйл» АҚ көрсететін мұнай тасымалдау қызметіне қолжетімділігі ашық емес
2021-2023 жылдары экспорттау мақсатында мұнайды магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау және бағалау қорытындысы бойынша Қазақстанның құбыржолдар инфрақұрылымы магистральдық мұнай жолы бойынша ұлттық оператор – «ҚазТрансОйл» АҚ-ға, оның екі бірлескен кәсіпорнына («Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС және «МұнайТас» СБҚК ЖШС) тиесілі екені анықталды, бұл ретте компаниялардың әрқайсысы өз маршруттық бағыттары бойынша жұмыс істейді:
- «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау-Самара бағыты бойынша (экспорт), Каспий құбыр консорциумының жүйелеріне мұнайды ауыстырып тиеу.
- «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС Атасу-Алашанькоу бағыты бойынша (экспорт).
- «МұнайТас» СБҚК ЖШС Кеңқияқ-Атырау бағыты бойынша (одан әрі экспорттау үшін «ҚазТрансОйл» АҚ жүйесіне беру).
Мұнайды тасымалдау қызметтері жөнелтушілерге магистральдық құбыржолдар жүйесіндегі мұнай тасымалдаудың қолданыстағы маршруттары бойынша Энергетика министрлігі бекітетін Магистральдық мұнай құбырлары арқылы мұнайды тасымалдау графигіне сәйкес ұсынылады.
Мұнай тасымалдау нарығында 2021-2023 жылдар кезеңінде 100% үстем үлеске тасымалдау көлемі 10,4 млн. тоннаны құрайтын «ҚазТрансОйл» АҚ тұлғалар тобы («Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС, «МұнайТас» СБҚК ЖШС) ие.
«Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының тапсырмасы шеңберінде мұнай тасымалдау нарығында негізгі қуат иесі болып заңнама талаптарына сәйкес келетін «ҚазТрансОйл» АҚ тұлғалар тобы танылды.
Экспорттау мақсатында мұнайды магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау нарығындағы кедергілерді азайту, сондай-ақ негізгі қуатқа тең қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Агенттік Мұнай тасымалдауға қол жеткізу қағидаларын әзірлеуге кірісті.
Қағидалар шеңберінде мұнай берушілердің мұнай тасымалдау қызметтеріне тең және кемсітусіз қол жеткізуін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Мұнай тасымалдау нарығын талдау мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.
https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/700618?lang=kk
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -