Нұрлан Әбдіров Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да көшбасшылық дәріс өткізді
18 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақстанның сайлау жүйесін дамытудың өзекті трендтері» тақырыбына арналған көшбасшылық дәріс форматында сөз сөйледі. Іс-шараға университеттің студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері, сондай-ақ ҚР ОСК хатшысы, мүшелері, ҚР ОСК жанындағы Сарапшылық кеңесінің және еліміздің бірқатар өңірлерінің аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
Кездесуді аша отырып, Ортсайлаукомның басшысы комиссия жанындағы Сарапшылық кеңес мүшелерінің, профессорлар, заң ғылымдарының докторлары Эдуард Мұхамеджановтың, Лейла Жанұзақованың, Айнұр Сәбитованың, құқық докторы (PhD) Халида Әжіғұлованың сайлау саласын дамытуға қосқан елеулі қызметі мен үлесін атап өтіп, оларға ОСК «Құрмет грамотасы» мен ОСК-ның 30 жылдығы шеңберінде жарияланған ғылыми еңбектердің даналарын табыс етті, оның ішінде мемлекеттің сайлау жүйесінің дамуы туралы «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына-30 жыл. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін трансформациялау» монографиясы, «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңға түсініктеме, 2012-2023 жылдар аралығында өткізілген сайлау және референдумдар туралы ақпараттық жинағының 2-томы бар.
ОСК Төрағасы өз дәрісінде 1993 жылғы 8 желтоқсанда елдің Орталық сайлау комиссиясы құрылған сәттен бастап Қазақстан тәуелсіздігі кезеңінде елдің сайлау жүйесі мен сайлау органдарының дамуы және трансформациялануы мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. «Осы күннен бастап комиссия орталық деңгейде жұмыс істейтін тұрақты инстанцияға және мемлекеттік басқарудың толыққанды органына айналды», - деп атап өтті Н.Әбдіров.
1995 жылы ОСК өкілеттіктерінің үлкен шеңберін белгілеген бүгінгі күнге қолданыстағы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң қабылданды. Комиссия сайлау органдарының бірыңғай жүйесін басқарды және құрылған кезінен бастап мемлекеттік биліктің заңды институттарын қалыптастыруға тікелей қатыса отырып, Қазақстанның қалыптасу тарихымен тығыз байланысты болды.
Келесі онжылдықтарда сайлау заңнамасы мен сайлау жүйесін жетілуі елдің кезең-кезеңімен саяси эволюциясы процестерінің жалпы мәнмәтінінде өтті.
Көптеген беделді халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесі бола отыра, Қазақстан еркін және бәсекелестік сайлау өткізу бойынша өзіне қабылдаған барлық міндеттемелерін ұстанады. Мемлекет басшысының, Парламент және мәслихат депутаттарының, сондай-ақ әкімдердің сайлауы біздің елімізде ұлттық заңнамаға және Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында (1948 ж.), Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде (1966 ж.), ЕҚЫҰ Копенгаген Кеңесінің Құжатында (1990 ж.) қамтылған демократиялық сайлаудың жалпыға бірдей танылған қағидаттарына сәйкес өтеді.
ОСК Төрағасы атап өткендей, бүгінгі күні Республика азаматтарының сайлау құқықтарының сақталуына кепілдік беретін толыққанды заңнамалық база құрылды.
Еліміздің сайлау органдары осы жылдар ішінде сайлау демократиясын дамытуда маңызы бар 39 ірі елдік электоралдық науқандарды өткізді. Олардың ішінде: 3 референдум; 7 Республика Президентін сайлау; 11 Парламент Сенаты депутаттарын сайлау; 8 Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау және 8 жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттар) депутаттарын сайлау бар.
Сонымен қоса бес елдік науқан - ел Конституциясына толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөніндегі референдум, Президентті, Парламент Сенаты депутаттарын, Парламент Мәжілісі депутаттарын, барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлаулар бір жыл ішінде (2022 жылғы маусымнан бастап) өткізілді.
Сайлау кеңістігінің кеңеюі сайлау органдары жүйесінің тұрақты сайлау науқандарының жағдайларына көшуімен, соның ішінде елдің әртүрлі аймақтарында ауыл әкімдерінің апта сайынғы тікелей сайлауын өткізумен байланысты. 2021 жылы енгізілген сәттен бастап сайлау комиссиялары екі мыңнан астам (2144) осындай науқандарды ұйымдастырды және өткізді, бұл ауыл деңгейіндегі әкімдердің жалпы санының 91,5% қамтиды (2344).
Өткен жылдың соңында алғаш рет пилоттық режимде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың 45 әкімін тікелей сайлау өтті. Әкімдерді тікелей сайлаудың енгізілуімен сайлау органдары жүйесінің тұрақты сайлау циклі форматына толық көшуі орын алды.
Бүгінде Қазақстандағы сайлау процесі бүкіл саяси жүйемен бірге дамуын және реформалануын жалғастыруда.
Нұрлан Әбдіров дәріс барысында 2022 жылғы 5 маусымда өткен республикалық референдумда жалпыхалықтық қолдау тапқан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың конституциялық реформасына байланысты сайлау заңнамасының фундаменталды жаңалықтары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
«Орталықта және жергілікті жерлерде мемлекеттік билік пен басқару органдарына лауазымды тұлғаларды сайлаудың түбегейлі жаңа тәртібі белгіленді», - деді ол.
Атап айтқанда, елдің Президентін бір ретке сайлау мерзімін 5 жылдан 7 жылға мерзімін өзгерту, Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде мажоритарлық және аралас сайлау жүйесін қайтару; бір мандатты сайлау округтері бойынша сайланған Мәжіліс пен мәслихат депутатын кері қайтарып алу бойынша императивті мандат енгізу; сайлауды байқауды жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу; әйелдерге, жастарға және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға Парламент Мәжілісіне мандаттарды бөлу кезінде партиялық тізімдерге арналған 30 пайыздық квоталарды енгізу. Заңда сайлау қорларына ерікті қайырмалдықтартардың шекті мөлшері белгіленген, сайлау алдындағы үгітте онлайн-платформаларды пайдалану регламенттелген, әкімдерді тікелей сайлау көзделген.
Сондай-ақ новеллалар сайлау органдарының қызметін әкімшілендіруге, оларды облыстық деңгейде толық және аудандық деңгейде ішінара кәсібилендіруге, бірмандатты-депутаттарды сайлау бойынша сайлау округтерінің құрылуына байланысты округтік сайлау комиссияларын құруға қатысты болды.
Трансформация Орталық сайлау комиссиясына да әсер етті: енді елдің Конституциясы ОСК Төрағасы мен мүшелеріне саяси партияларда, кәсіптік одақтарда болуға, кез-келген саяси партияны қолдауға тікелей тыйым салады.
Сондай-ақ саяси партиялардың Парламент Мәжілісіне өту шегін төмендету, Парламент Мәжілісіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасын жою, өткен және алдағы сайлау науқандары, электоралдық оқыту туралы сөз болды.
Ортсайлаукомның басшысы саяси реформалар тақырыбын қозғады, оның ішінде өз кезегінде саяси партиялардың арасындағы сайлау бәсекелестігі үшін алаңды едәуір кеңейткен саяси партияларды тіркеу рәсімін жеңілдету бар.
Сонымен қатар ол ОСК транспарентті жұмыс форматына көшкеніне назар аударды. Ұлттық және халықаралық институттармен байланыстың жаңа арналары жолға қойылуда. 2022 жылы құрылған ОСК жанындағы диалог алаңдары - Сарапшылық кеңес және Жас сайлаушылар клубы қарқынды дамып келеді, Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының қызметі қайта форматталды.
Сарапшылық кеңес алаңында Қазақстандағы елдегі сайлау барысын халықаралық байқау қорытындыларын кеңінен, жан-жақты және ашық талқылау дәстүрі қалыптасуда.
Сонымен қатар ОСК мүшелерінің сайлау науқандары барысында және сайлауаралық кезеңдерде өңірлердің жұртшылығымен және жастарымен тұрақты тікелей, ашық диалог форматы құрылуда. Мәселен, тек Ортсайлаукомның басшысы 2022 жылы еліміздің барлық өңірлерінде 10 мыңға жуық сайлау процесіне қатысушыларымен 71 кездесу өткізді.
Өткен жылы ол 2,3 мыңнан астам қоғам өкілдері және еліміздің жас сайлаушыларымен 37 кездесу өткізді, ал ағымдағы жылы 815 адаммен 5 кездесу өткізді.
Осы кезеңде, жалпы алғанда, 13 мыңнан астам сайлау процесінің қатысушыларымен 113 кездесу өтті.
Сондай-ақ Н.Әбдіров дәріске қатысушыларға сайлау саласындағы халықаралық қатынастардың дамуы туралы айтып берді. Мәселен, бүгінгі таңда 11 елдің орталық сайлау органдарымен ынтымақтастық туралы екіжақты құжаттарға қол қойылған.
Ол комиссияны одан әрі дамытудың стратегиялық перспективаларына және оның көзқарасы, миссиясы, құндылықтары, принциптері, мақсаттары, басымдықтары сияқты элементтерін айқындауға кеңінен тоқталды. «Қазір біздің міндетіміз - өткен жолды түсіну, сондай-ақ жүзеге асырылып жатқан ел Президентінің саяси реформасын ескере отырып, сайлау органдарының бүкіл жүйесімен бірге ОСК даму перспективаларын айқындау», - деп атап өтті ОСК Төрағасы. 2022 жылғы конституциялық реформа саяси жүйенің бүкіл конфигурациясын өзгертті және сайлау институтына трансформациялық әсер етті. Азаматтардың мемлекетті басқарудағы, оның ішінде сайлау процестері арқылы рөлін арттыруға баса назар аударылды.
Бүгін Қазақстанның ОСК өзінің үйлесімді жұмыс істейтін «экожүйесімен» тұрақты мемлекеттік институт ретінде қалыптасты, деп қорытындылады Ортсайлаукомның басшысы. Комиссия азаматтардың қолданыстағы заңнамаға және халықаралық міндеттемелерге қатаң сәйкес сайлауға және сайлануға өзінің ажырамас конституциялық құқықтарын іске асыруы үшін жағдайларды қамтамасыз етеді.
Дәріс барысында жоғары оқу орнының 106 студенті мен оқытушылары белсенді қатысқан өзекті сайлау мәселелері бойынша дәстүрлі онлайн-сауалнама үлкен қызығушылық тудырды. Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, респонденттердің 63,2%-ы сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтар сайлауда және референдумда дауыс бермеуі керек, ал 62,3%-ы қылмыс жасағаны үшін сотпен кінәлі деп танылған және бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың дауыс беруге құқығы жоқ екенін атап өтті. Жастардың басым көпшілігі (78,3%) президенттікке кандидатқа денсаулық жағдайы бойынша, ал 81,9% мемлекеттік қызметтегі немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс өтілі бойынша қазіргі кездегі талаптар белгіленуі керек деп санайды. Сауалнамаға қатысқандардың 90,5%-ы президенттікке кандидаттарға елде, ал Парламент Мәжілісінің депутаттығына сайлау округінде тұру мерзімі бойынша қойылатын қазіргі кездегі талаптарды қолдайды. 50,9% дәстүрлі бюллетеньді дауыс берудің ең сенімді әдісі деп санайды. Сұқбат берушілердің тағы 50%-ы толтырылған бюллетеньмен суретке түсіруге (селфи) тыйым салуды енгізу қажет деп санайды, 34,9%-ы сайлау мен референдумдарда заң бұзушылықтар мен манипуляциялар себебінен интернет арқылы дауыс бермейтінін айтты.
Дәріс «сұрақ-жауап» сессиясымен және қызу пікірталаспен аяқталды. Мәселен, ғалым-этнограф, профессор Тәттігүл Қартаеваны басқа елдердің парламенттерімен салыстырғанда депутаттар саны, сайланған депутаттар қызметінің тиімділігіне талдау жүргізу, өзін-өзі ұсыну институтын енгізудің нәтижелілігі және шет елдерде қазақстан азаматтарының сайлауға қатысу мәселелері қызықтырды.
Заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор Дәулет Байдельдинов сайлау процестеріндегі объективтілік мәселелеріне қызығушылық танытты, ал сол факультеттің студенті Айтина Байсарова басқа адамдардың, оның ішінде туыстарының орнына дауыс беру туралы сұрақтар қойды.
Философия және саясаттану факультетінің магистранты Жадыра Даирова электронды дауыс беру кезінде блокчейндерді пайдалану кезінде ықтимал тәуекелдерді азайту туралы сұрады. Заң факультетінің докторанты Қанат Әлихан дауыс беру құпиясын қамтамасыз ету тетіктеріне қызығушылық танытты. Сессия соңында ең белсенді қатысушыларға сайлау тақырыбы бойынша ғылыми басылымдардың даналары табысталды.
19 сәуірде облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері үшін республикалық көшпелі семинар өтті, оның шеңберінде сайлау саласының өзекті мәселелері бойынша оқыту өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -