«Найза-Антитеррор-2024»: жедел ден қоюға әзірлік
2024 жылғы 28 маусымда Қызылорда, Қарағанды және Абай облыстарында 31 мамырдан бастап өткізілген «Найза-Антитеррор-2024» кешенді республикалық терроризмге қарсы оқу-жаттығуы аяқталды.
Оған Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі істер, қорғаныс, төтенше жағдайлар министрліктері және жергілікті атқарушы органдар қатысты.
Оқу-жаттығу шеңберінде террористік қатерлерге қарсы іс-қимыл жасау біліктері мен дағдылары бекітілді, төтенше сипаттағы дағдарысты ахуалдарға ден қою тетіктері мен төтенше жағдай кезеңіндегі іс-қимыл пысықталып, мүдделі мемлекеттік органдарды хабардар ету және ақпараттық өзара іс-қимыл жүйелерін тексеру жүзеге асырылды.
Жауынгерлік іс-қимылдарға жақын жағдайларда диверсиялық-террористік актілердің алдын алу, сондай-ақ олардың салдарларын азайту және жою жөніндегі күштік құрылымдардың тренингтері өткізілді.
Сонымен қатар арнаулы мақсаттағы бөлімшелер жарылғыш құрылғыларды табу және залалсыздандыру, шартты террористерді анықтау және бейтараптандыру, кепілге алынғандарды босату және зардап шеккендерге көмек көрсету дағдыларын пысықтады.
Іс-шара қорытындылары бойынша еліміздің терроризмге қарсы әлеуетін нығайту шеңберінде күш-жігерді интеграциялау бойынша қосымша шаралар әзірленді.
ҰҚК баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -