Құндызбек Әбдірасылов ҚР Жоғары аудиторлық палатасы аппаратының басшысы болып тағайындалды
Құндызбек Болатұлы Әбдірасылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды.
Құндызбек Әбдірасылов 1982 жылғы 16 қарашада дүниеге келген. «Әулие Ата» университетін және Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін бітіріп, ақпараттық жүйелер, қаржы және құқық салалары бойынша білім алған. 2023 жылы РФ СІМ Дипломатиялық академиясын «экономика магистрі» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 2005 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданы бойынша Салық комитеті Салық тіркеу бөлімінің штаттан тыс қызметкері болып бастап, кейін бас маман болып жұмыс істеген.
2007-2010 жылдар аралығында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Мемлекеттік деректер базасы департаментінің бас маманы болып қызмет атқарды.
2010-2014 жж. – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің сарапшысы, бас сарапшысы, басқарма басшысы.
2014-2018 жылдар аралығында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің Астана қаласы бойынша статистика департаментінің бас сарапшысы, департамент басшысының орынбасары, департамент басшысы болып жұмыс істеді.
2018 жылы ҚР Қаржы министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.
2019-2021 жж. – ҚР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Кадр жұмысы бөлімінің бас инспекторы.
2021-2022 жж. – Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты министрі Хатшылығының басшысы.
2022-2023 жылдар аралығында ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Премьер-Министрі Хатшылығының меңгерушісі болып қызмет атқарды.
2023-2024 жж. – ҚР Үкіметі Аппараты басшысының орынбасары.
2024 жылғы сәуірде Жоғары аудиторлық палата төрағасымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ҚР Жоғары аудиторлық палатасы аппаратының басшысы болып тағайындалды.
«Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -