Негізгі мақсат - қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Терроризм қауіп-қатерлері төнген кездегі алғашқы әрекет ету дағдыларын жетілдіру мақсатында, 2024 жылдың тамыз, қыркүйек айларында Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы ҰҚКД тарапынан облыс аумағында орналасқан террористтік тұрғыдан осал объектілердің басшылары мен персоналдарына және оның қорғалуын қамтамасыз ететін күзет ұйымдардың жауапты қызметкерлеріне теориялық және практикалық дәрістер өткізілді.
Қатысушыларға бірінші кезекте қазіргі заманғы террористік сипаттағы қатерлер туралы түсіндіріліп, «Террористік сипаттағы қауіп туындаған жағдайда басшылар мен қызметкерлердің бастапқы әрекеттерінің алгоритмі» жеткізілді.
Дәрістерде ТТО объектісінің меншік иелерінің, басшыларының немесе өзге де лауазымды тұлғаларының қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заңды талаптарды орындамағаны үшін көзделген жауапкершілік шаралары туралы еске салынды.
Шара соңында аталған объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жөніндегі нормативтік-құқықтық актілердің қолданылуына түсіндірме беріліп, өзара пікір алмасып, ұсыныстар мен сұрақтарға тиісті жауаптар берілді
Материал Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша ҰҚКД ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -