О. Анафин әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру туралы айтты
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді трансформациялау және цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
Сөз басында ол әлеуметтік-еңбек саласын цифрландырудың қол жеткізілген жоғары деңгейін еске салды.
«Ведомство желісі бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің 50 түрінің 48-і электрондық форматта толық қолжетімді, ал 31 қызмет бойынша проактивті формат іске асырылды.
Проактивті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту, ең алдымен, неғұрлым ыңғайлы және қолжетімді форматты қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған. Біз басқа министрліктердегі әріптестерімен өзара іс-қимылды кеңейте отырып, осы бағытта одан әрі дамытуды жоспарлап отырмыз», – деп бөлісті вице-министр.
Олжас Анафин әлеуметтік-еңбек саласын цифрлық трансформациялаудың негізгі бағыттары туралы айтты.
«Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік саясатты іске асыру 6 бағыт бойынша жүргізілуде. Тиісінше, цифрлық трансформацияның мақсаттарына мыналар жатады: Жұмыспен қамтудың бейімделгіш және тұрақты жүйесін құру; көші-қон ағындарын басқарудың ашық және тиімді жүйесін құру; еңбекті қорғау мен қауіпсіздіктің цифрлық экожүйесін дамыту; мемлекет, бизнес, кәсіподақтар мен қызметкерлер арасындағы өзара іс-қимылдың ашықтығы мен тиімділігін арттыру; азаматтар үшін әлеуметтік кепілдіктердің қолжетімділігі мен әділдігін қамтамасыз ету; атаулы әлеуметтік көмектің (бұдан әрі – АӘК) атаулылығы мен тиімділігін күшейту, қоғамның инклюзивтілік деңгейін арттыру», – деді ол.
Вице-министр әр бағытта жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы егжей-тегжейлі хабарлады.
Осылайша, ол өңірлер, ұлттық тұжырымдамалар мен бағдарламалар, жеке бастамалар және т.б. бөлінісінде жұмыс орындарын құрудың мониторингі жүйесінің прототипін әзірлеу туралы хабарлады, бұл келешекте осындай жұмыс орындарының сапа деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.
Олжас Анафин жұмыс күшінің ағынын бақылауға, шетелдегі қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету мен қорғауға және көші-қон порталын іске қосуға мүмкіндік беретін жүйелерді реинжиниринг жөніндегі жұмыстың барысы туралы айтып берді.
«Мigration.enbek.kz бірыңғай көші-қон порталы іске қосылды. Ол көші-қонға қатысты ережелер, процедуралар мен қызметтер туралы ақпарат береді, бұл азаматтарға заңды түрде қоныс аударуға және басқа елдерде жұмыс істеуге көмектеседі және көші-қон процестерін бақылауды қамтамасыз етеді.
Сонымен бірге біздің елімізге келетін пайдаланушылардың оңай қол жеткізуі үшін осыған ұқсас мобильді қосымша әзірленеді», – деді О.Анафин.
Бұдан басқа, қандастар мен қоныс аударушылар отбасыларына цифрлық сүйемелдеу жүзеге асырылуда, олар қазірдің өзінде 25 автоматтандырылған қызметке қол жетімді.
Вице-министр сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етудің цифрлық экожүйесінің дамуы туралы хабардар етті.
«Қазірдің өзінде «Еңбек тәуекелдерінің картасы» және «Кәсіпорындардың цифрлық картасы» сияқты жобалар іске асырылды. Еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтар туралы жұмыс берушінің хабарламаларын жіберу үшін HR Enbek жаңғырту жүргізілді.
Еңбекті қорғау жүйелерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру үшін жазатайым оқиғаларды тергеуді автоматтандыру үшін Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграция жүргізу жоспарлануда», – деді ол.
Сондай-ақ, кәсіптік тәуекелдерді бағалау жөніндегі мамандандырылған ұйымды таңдауды ұсынатын цифрлық платформа құру жоспарлануда, бұл тәуекелдерді тиімдірек басқаруға және кәсіпорындардың шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Олжас Анафин бұған дейін Қазақстанда Отбасының цифрлық картасы іске қосылғанын атап өтті, ол өзін мониторинг және халыққа қолдау көрсету құралы ретінде оң көрсетті. Қазіргі уақытта осы платформаны дамыту мәселелері пысықталуда.
«Өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды кешенді қолдауды іске асыру және осал азаматтарды қолдаудың тиімділігі мен белсенділігін арттыру үшін болашақта Бас Прокуратура мен ІІМ ақпараттық жүйелерімен түрлі құқық бұзушылықтар мен тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары туралы ақпарат алу бөлігінде интеграция жүргізетін боламыз», – деп атап өтті Анафин.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарын цифрландыру шеңберінде әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті жақсарту және ұйымдар жұмысының тиімділігін арттыру үшін технологияларды енгізу, оның ішінде әлеуметтік саланы кадрлық қамтамасыз етуді автоматтандыру (аттестаттау мен тестілеуді қоса алғанда) жүргізіледі. Бұл Ғылым және жоғары білім министрліктерінің ақпараттық жүйелерімен интеграцияны қажет етеді.
«Тағы бір міндет – мүгедектігі бар азаматтарға берілетін оңалту құралдарының сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету. Ол үшін «Әлеумет» әлеуметтік қызметтер порталының Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығымен интеграциясы жүргізілді, бұдан әрі Мемлекеттік кірістер комитетінің дерекқорымен интеграция жүргізуді жоспарлап отырмыз», – деп толықтырды вице-министр.
Олжас Анафин басқа жоспарланған цифрлық жобалар туралы да айтты: Ұлттық банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ақпараттық жүйелерімен интеграциялау, жаңа тәсілдерді ескере отырып, АӘК тағайындаудағы атаулылық пен негізділікті арттыру; жұмыс берушілер үшін маркетплейс форматында қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру операторларын таңдау бойынша портал әзірлеу; әлеуметтік-еңбек саласында жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктері және т. б. мәселелер.
«Цифрлық құралдарды дамытусыз, интеграциясыз және ведомствоаралық өзара іс-қимылсыз әлеуметтік-еңбек саласының қызметтерін сапалы іске асыру мүмкін емес. Біз өзара іс-қимылымызды одан әрі дамытуды, әлеуметтік-еңбек саласының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін бірлескен жобалар мен бастамаларды кеңейтуді жоспарлап отырмыз», – деп түйіндеді Олжас Анафин.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -