Оқу-ағарту министрі азаматтарды жеке қабылдау өткізді
Азаматтарды қабылдау орталығында оқу-ағарту министрі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға
еліміздің әр өңірінен қатысқан тұрғындарөз сұрақтарын онлайн форматта қоюға да мүмкіндік алды. Атап айтқанда, сұрақтар
мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, инклюзивті білім беру мәселелерінеқатысты болды.
Ғани Бейсембаев барлық сауалдарға толыққанды жауап берді.
Зерделеу мен пысықтауды қажет ететінмәселелерді өзінің
жеке бақылауынаалатынын ескертті. Сондай-ақ комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына
тиісті тапсырмалар берді.
Айта кетейік, азаматтардың жеке қабылдауы өңірлермен қатар, Астана қаласында Мәңгілік Ел даңғылы, 8 ғимаратта орналасқан Министрліктер үйінің 16-кіреберіс мекенжайындағы азаматтарды қабылдау орталығында өтіп келеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -