Оқу-ағарту министрі Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі Бахтиер Ибрагимовті қабылдады
Кездесуде Ғани Бейсембаев ресми Астана мен Ташкент арасындағы білім саласы бойынша екіжақты ынтымақтастықты тиімді жалғастырудың және кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
Министр екі елдің педагогтерінің кәсіби біліктілігін арттыру бойынша өзара ықпалдастық құру туралы ұсынысын білдірді.
Сонымен қатар, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -