Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың «Көрісу күні – Амал мерекесімен» құттықтауы
Облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың «Көрісу күні – Амал мерекесімен» құттықтауы
Құрметті Жетісу облысының тұрғындары!
Наурыз мейрамының бастауы болған Көрісу күні – Амал мерекесіне орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар.
Көрісу салты – адамдардың бір-біріне деген сыйластығын арттырып, өзара татулығын нығайтатын, көне дәуірлерден бері халықпен бірге жасасып келе жатқан ұлттық дәстүріміз. Бұл мереке өскелең жастарды үлкенді құрметтеуге, кішіге қамқор болуға, мейірім мен ізгілікке үндейді.
Баршаңызға денсаулық, қуаныш пен бақыт тілеймін!
Әрдайым іргеміз берік, бірлігіміз бекем болсын!
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -