Облыстық мәслихат депутаттары Қазалы ауданында жұмыс сапарымен болды
Бүгін облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов және мәслихат депутаттары Жанкелді Ысқақ, Ібайдулла Тілеп, Нұрлан Имандосов Қазалы ауданына қарасты Абай, Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би ауылдарына барып, тұрғындармен кездесті. Кездесулерге аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, аудандық мәслихат депутаттары, ауыл әкімдері мен тиісті сала мамандары қатысты.Облыстық мәслихат төрағасы облыс әкімінің бастамасымен атқарылған, қолға алынған, алдағы уақытқа жоспарланған жобалар туралы айтты. Мәслихаттың жұмысына, депутаттардың көтерген мәселелеріне тоқталып өтті.Ауыл тұрғындары көшелерді асфальттау, электр желілерін жөндеу, балабақша, жанармай бекетін ашу, каналдарды тазарту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ауылға қосымша полиция инспекторын бекіту, полиция бөлімшесіне қызметтік автокөлік, өрт сөндіру көлігін алу, аурухана салу туралы ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған аймақ басшысының жүйелі жұмыстарына оң пікірлерін білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.Кездесуден кейін халық қалаулылары Жанқожа батыр ауылындағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтерген 300 орындық мектеп құрылысымен, Бекарыстан би ауылындағы №24, Ғани Мұратбаев ауылындағы №91 мектептердің жұмысымен танысты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -