Сыр өңіріндегі қалалар ауыз сумен 100 пайыз қамтылған: Қызылорда облысы, 13 Ақпан 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Сыр өңіріндегі қалалар ауыз сумен 100 пайыз қамтылған

Сыр өңіріндегі қалалар ауыз сумен 100 пайыз қамтылған

Сыр өңіріндегі қалалар ауыз сумен 100 пайыз қамтылған

Сыр өңіріндегі қалалар ауыз сумен 100 пайыз қамтылған

Сыр өңіріндегі қалалар ауыз сумен 100 пайыз қамтылған

Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен қалалар мен ауылдарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі талқыланған кеңес өтті. Басқосуда Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Сыр өңіріндегі қалалар түгелдей 100 пайыз ауыз сумен қамтылғанын, ал облыстың ауыз сумен қамту көрсеткіші 98,6 пайызға жеткенін айтты. Кеңеске облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.Облыс аумағында 4 қала және 223 ауылдық елді мекен бар. Өткен жылы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылмаған 27 елді мекеннің екеуіне су тұщытқыш қондырғы орнатылды. Екі ауылдан елді мекен статусы алынып, оңтайландырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қалған 23 елді мекенге жыл соңына дейін сапалы ауыз су жеткізу үшін арнайы Жол картасы әзірленіп, жоспарға сәйкес жұмыс жүргізілуде. Биыл «Ерімбетжаға», «Тастүбек», Шәкен, «Шилі», «Сарбұлақ», «Шитүбек» елді мекендеріне таза ауыз су қосу үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Мердігер мекемелер анықталып, құрылыс жұмыстары басталуда.



Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима Кызылординской области»


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен қалалар мен ауылдарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі талқыланған кеңес өтті. Басқосуда Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Сыр өңіріндегі қалалар түгелдей 100 пайыз ауыз сумен қамтылғанын, ал облыстың ауыз сумен қамту көрсеткіші 98,6 пайызға жеткенін айтты. Кеңеске облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.Облыс аумағында 4 қала және 223 ауылдық елді мекен бар. Өткен жылы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылмаған 27 елді мекеннің екеуіне су тұщытқыш қондырғы орнатылды. Екі ауылдан елді мекен статусы алынып, оңтайландырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қалған 23 елді мекенге жыл соңына дейін сапалы ауыз су жеткізу үшін арнайы Жол картасы әзірленіп, жоспарға сәйкес жұмыс жүргізілуде. Биыл «Ерімбетжаға», «Тастүбек», Шәкен, «Шилі», «Сарбұлақ», «Шитүбек» елді мекендеріне таза ауыз су қосу үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Мердігер мекемелер анықталып, құрылыс жұмыстары басталуда.</p>

Аймақтағы жаңалықтар