Омбудсмен Артур Ластаев Қостанай облысындағы №39 мекемеде болды
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №39 Төтенше жағдайдағы күзет мекемесінде болып, мекеменің тыныс-тіршілігімен танысты. Аталған мекемеде өмір бойына бас бостандығынан айырылған сотталғандар орналасқан.
Іссапар барысында Омбудсмен колониядағы сотталғандардың жағдайын бақылап, олардың құқықтарының сақталуын тексерді. Сондай-ақ Артур Ластаев қабылдау бөлмелерін, асхананы, камераларды, жұмыс цехын аралады.
Айта кету керек, сотталғандар тігін өндірісінде жұмыс істеп, тапсырыс бойынша форма тігеді.
Нақтырақ айтсақ аталған мекемеде тігілетін киімнің саны айына 50-ге дейін жетеді.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл сотталғандармен әңгімелесіп, олардың мекеменің жағдайына қатысты ойларын, құқық бұзушылық және азаптау фактілерінің қолданылуы туралы сұрады.
Сонымен қатар, Артур Ластаев жазасын өтеушілердің бірнешеуімен жеке кездесу өткізді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -