Омбудсмен Артур Ластаев Қостанай облысындағы қатаң режимдегі колонияларды аралады
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды. Уәкіл екі колонияны – ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің №39 төтенше жағдай қауіпсіздігі мекемесін және №41 толық күзет мекемесін аралады. Ондағы мақсат – сотталғандардың құқықтарының сақталуын бақылау. Айта кетейік, №39 мекемеде аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандар мен өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар жазасын өтейді. Іссапар барысында Уәкіл сотталғандардың жағдайымен танысты, олардың тұруына арналған үй-жайларды, асхананы, медициналық бөлімшені, қабылдау бөлмелерін, жаттығу алаңдары мен жұмыс орындарын аралады.Екі колонияда да сотталғандардың жұмыс істеуіне және талап-арыздарды өтеу шараларын қабылдауға мүмкіндік бар. Атап айтқанда, №39 мекемеде тігін цехы, ал №41 мекемеде тігін шеберханасы, дәнекерлеу цехы және т.б. бар. Колонияда сотталғандарға медициналық көмек көрсету жағдайына мониторинг жүргізілді. Мекемелерде штаттағы және келіп қызмет көрсететін дәрігерлер (хирург, стоматолог, уролог, дерматолог, УДЗ) жұмыс жасайтын медициналық бөлімшелер қызмет етеді. Сотталғандармен психологтар және теологтар жұмыс істейді, демалыс бөлмелері бар. Артур Ластаев тұтқындармен әңгімелесіп, олардан құқықтарының бұзылу немесе азаптаулар қолдану фактілері туралы сұрады. Бірқатар сотталғандар жеке қабылдауда болды. Сотталғандардың құқықтарын қорғау, азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын, ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жазалаудың алдын алу Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің басым бағыттарының бірі. Түзеу мекемелеріне бару қорытындылары бойынша қамауда ұстау жағдайларын жақсарту және сотталғандардың құқықтарын сақтау бойынша ұсыныстар берілді. «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына сәйкес, құқықтарды қорғау міндеттемесі барлық өтініш берушілерге, олардың әлеуметтік жағдайына қарамастан, тең қарауға негізделуі керек. Омбудсменнің өңірлік өкілдерінің жүйесін құру елдегі жабық мекемелердегі сотталғандардың құқықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесу жұмыстарын күшейтуге мүмкіндік берді. Мәселен, 2023 жылы түзеу мекемелеріне бару нәтижесінде сотталғандардан түскен шағымдар саны төрт есеге өсті. Сонымен қатар, жыл соңында азаптау фактілері бойынша шағымдар 2022 жылмен салыстырғанда үштен екі есеге азайды», - деп атап өтті Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -