Омбудсменнің Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілі мүгедектігі бар әйелді қарттар үйіне орналастыруға көмектесті
Ағымдағы жылдың маусым айында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіліне Орал қаласының 2 топ мүгедегі - 71 жастағы тұрғын хабарласқан.
Қарт кісі Орал қаласында жалдамалы баспанада жалғыз өзі тұрады. Қазіргі уақытта денсаулығына байланысты өзіне күтім жасай алмайтындықтан, оны қарттар үйінің біріне орналастыруға көмек сұраған.
Уәкілдің өңірдегі өкілі құзырлы мемлекеттік органдарға хабарласып, құжаттарды Батыс Қазақстан облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына және Орал қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жедел дайындауға көмек көрсетті.
Нәтижесінде өтініш беруші «Бәйтерек» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына орналастырылды.
Арызданушы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіліне мәселені тез арада оң шешкені үшін алғысын білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -